БҚО: «Омега» прибор жасау зауыты жұмысшы-қызметкерлері сайлауға белсене қатыспақ

None
None
None

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы «Омега» прибор жасау зауыты» АҚ жұмысшы-қызметкерлері ҚР Президентін сайлауға белсене қатыспақ. Бұл туралы еңбек ұжымының жиынында мәлім етілді.

Кәсіпорын басшысы Ерболат Абдоловтың айтуынша, мұнда түрлі ұлт өкілдері еңбек етеді. Қалыптасқан дәстүр бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде тұратын барша халықтың ортақ мақсат жолында біріге түсуіне ықпал етуде. Алдағы сайлауға да өзін ел азаматымын деп есептейтін әр адамның қатысуы маңызды.

Кәсіпорында ширек ғасырдан астам уақыт бойы еңбек еткен ардагер Павел Ларшин, электрмен дәнекерлеуші Аслан Аймағамбетов президенттік сайлаудың бүкіл ел болашағы үшін маңыздылығын атап көрсетіп, әріптестерін оған бір кісідей атсалысуға шақырды.

Жиын соңында еңбек ұжымының алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырған қарары қабылданды.

Соңғы жаңалықтар