БҚО нышаны таныстырылды - ФОТО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 12 наурыз күні облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысының нышаны таныстырылды.

Облыстың үздік нышаны ретінде батысқазақстандық қылқалам шебері, Орал көрме залының директоры Нұртай Жәрдемовтің жұмысы таңдалып алынды.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары, конкурстық комиссия төрағасы Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, өңір нышанын анықтау ісі бір жылға созылып, барлық суретшілер қатысуға мүмкіндік алды. Байқауға жергілікті тұрғындар да белсене қатысып, олардың дауыс беруі нәтижесінде қос үміткер: Нұртай Жәрдемов пен «Woman Art Дизайн» шығармашылық ұжымының жұмысы соңғы бәсекеге ұсынылды. Облыстық мәслихаттың жұмыс комиссиясы Н.Жәрдемовтің жұмысын жеңіске лайық деп таныды.

Байқауға барлығы 59 жұмыс түсіп, төрт іріктеу кезеңінен өтті.

Байқау жеңімпазы Н.Жәрдемовке диплом мен 1 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылды. Сондай-ақ «Woman Art Дизайн» шығармашылық ұжымына, суретшілер Нұрбек Жәрдемов, Ғиният Ахметов, Бекжан Жұмабаевтарға алғысхаттар табыс етілді.

Сайыс жеңімпаз-жүлдегерлерін соғыс және еңбек ардагері, Орал қаласының құрметті азаматы Хамза Сафин құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар