USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

БҚО-ның Тасқала ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылғы 29 қараша 13:46
Бөлісіңіз:
БҚО-ның Тасқала ауданына жаңа әкім тағайындалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Бауыржан Айтмағамбетов Тасқала ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымына сайланды Жанжігіт Омархан Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Бауыржан Есқайырұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жол қозғалысын ұйымдастыру және құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «Жайық Строй сервис» ЖШС-нің менеджері, Тасқала ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша бас маманы, Тасқала ауданы, Мереке ауылдық округінің әкімі, Тасқала ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

2020 жылдан бастап БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT