USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

БҚО-ның «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қатаң шектеу шаралары енгізіледі

2022 жылғы 14 қаңтар 13:07
Бөлісіңіз:
БҚО-ның «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қатаң шектеу шаралары енгізіледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қатаң шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Грузияда коронавирус таралуының жаңа рекорды тіркелді: бір күнде – 17 530 жағдай Манипуляция: «SinoVac вакцинасы омикрон нұсқасынан қорғамайды» Еуроодақ екпе сертификаты бар тұрғындардың жүріп-тұру ережесін жеңілдетуді жоспарлап отыр

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, өңірлік жедел штаб пен ведомствоаралық комиссия шешімі негізінде облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы шығады.

Оның айтуынша, өткен тәулікте өңірде 186 адамнан коронавирус анықталса, алдағы күндері одан да көбейіп, 300-ге жетуі ықтимал.

Сондықтан эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында жаңа қаулыға сәйкес отбасылық және басқа көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Тек

«Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін нысандарда 30 адамға дейін садақа секілді жиынды өткізуге рұқсат беріледі.

Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтандыру орындарында да шектеулер енгізіледі.

«Мекемелер өз қызметкерлерінің кемінде 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруі тиіс. Сондай-ақ бала саны 600-ден аспайтын мектептер штаттық, 600-ден жоғары білім ордалары қашықтан оқытуға ауысады. Колледждер мен ЖОО-лар аралас оқытуға көшеді. Егер оқушылар мен студенттер түгелдей екпе алған болса, оларды қандай режимде оқыту мәселесін сол оқу орындарының басшылары шешеді», деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бір күнде 100-ге жуық адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT