БҚО-ның Қаратөбе ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес Қадыржан Сүйеуғалиев Қаратөбе ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Қадыржан Орынбасарұлы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын агрономия, Еуразия академиясын экономика мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің маманы, І-дәрежелі аға маманы, бөлімінің меңгерушісі, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маман-бөлім меңгерушісі, Қаратөбе, Шөптікөл ауылдық округтерінің әкімі, Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс жасады.

2016 жылдан Қаратөбе ауданы маслихатының хатшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің орынбасары тағайындалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар