БҚО-ның Еңбек инспекциясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Асылұлан Досжанов Батыс Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Асылұлан Тұрсынұлы 1983 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін халықаралық деңгейдегі экономист және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша басқармасының бас маманы, кадрлармен қамтамасыз ету бөлімнің бастығы, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – басқарма басшысының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаменті тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – департамент басшысының орынбасары, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.

2017 жылдан Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар