+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

БҚО-ның екі тұрғыны ірі көлемдегі есірткі заттарымен қолға түсті

2021 жылғы 15 қыркүйек 21:02
Бөлісіңіз:
БҚО-ның екі тұрғыны ірі көлемдегі есірткі заттарымен қолға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО-ның екі тұрғыны облыс орталығында интернет желісінде есірткі заттарын сатуды ұйымдастырғаны үшін қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов: Жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары – жастар Премьер-Министрдің орынбасары есірткі қылмысымен күрес бойынша кеңес өткізді Үндістан портында Ауғанстаннан жеткізілген 3 тонна героин тәркіленді

БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсұтхан Аблазимовтың мәлім еткеніндей, орман алқабында, сондай-ақ күдіктілердің мекенжайларын тінту кезінде 1 келіден астам ұнтақ есірткі заттары, 55 таблетка амфетамин және 500 грамға жуық өсімдік тектес есірткі заттары тәркіленді.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық есірткі заттарының 4300-ден астам мөлшерінің таралуына жол берілген жоқ.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Жас ұрпақтың болашағына қатер төндіретін қатерлердің бірі есірткі заттары, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы екендігін Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ерекше атап өтіп, құқық қорғау органдарына осыған тосқауыл қою жөнінде тапсырма берген болатын. Біздің міндетіміз – осы тапсырманы мүлтіксіз орындау», деді М.Аблазимов.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымына қатысты 66 қылмыс анықталып, 81 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соның 23-і есірткі сату, 15-і есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау, 18-і құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру, 9-ы есірткі контрабандасы, біреуі улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымына байланысты.

Заңсыз айналымнан 50 келіден астам есірткі алынса, соның 1 кг 336 грамы – синтетикалық есірткі түрлері.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғынының 2,5 келіге жуық марихуанамен ұсталғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT