БҚО-ның Бөрлі ауданына жаңа басшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Еркебұлан Нұретдинұлы Ихсанов Бөрлі ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Еркебұлан Ихсанов 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2003 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын экономист мамандығы және 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Казталов ауданы халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің статисі болып бастады.

Әр жылдары БҚО еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы, БҚО мәдениет басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы, БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бас маманы және бөлім басшысы, Орал қаласы қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Күні бүгінге дейін Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласына жаңа әкім тағайындалғанын, БҚО әкімі аппаратының басшысы өзгергенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар