БҚО-ның Бөрлі ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігі және Бөрлі ауданы мәслихатының келісімімен Миржан Сатқанов Бөрлі ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Орал қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің жетекші маманы, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, бастығының орынбасары, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (басқарма) директорының (бастығының) орынбасары, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап БҚО әкімінің орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар