+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

БҚО-ның бірнеше ауданында блокпостар әзірге алынбайды

2020 жылғы 30 мамыр 21:15
Бөлісіңіз:
БҚО-ның бірнеше ауданында блокпостар әзірге алынбайды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бірнеше ауданда блокпостар алынбайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар карантинге қарамастан үйлену тойы мен беташар өткізуде – Сапарбаев Өмірзақ Шөкеев өңірде қатаң карантин шараларын сақтау керектігін ескертті Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 30 мамырдағы қаулысына сәйкес өңірде бірнеше ауданнан басқа жердегі блокпостар 1 маусымнан бастап алынады.

Тек бұған дейін карантинге жабылған Сырым ауданында, Тасқала ауданының Тасқала кентінде және Жәнібек ауданының Қамысты, Борсы ауылдық ауылдық округтерінде блокпосттар сақталады.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі атап өткеніндей, өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. Коронавирус жұқтыру қаупі сейілген жоқ. Сондықтан тұрғындарға сақтық шараларын ұмытуға болмайды.

Облыста 580 адам жұқпалы індетке шалдықса, соның 281-і жазылып шықты.

Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 299 адам емделуде. Сондай-ақ 14 адам провизорлық, 797 адам карантиндік стационарда жатса, 1278 адам үйлерінде оқшауланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның 9 ауданында коронавирус жұқпасы тіркеліп отырғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT