БҚО-ның 55 ауылына ауыз су жеткізіледі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жосалы ауылдық округіндегі Қоңыр және Тамды елді мекендері орталықтандырылған су көзіне қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, 185 млн теңгені құрайтын бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Облыс басшысы Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес барлық жұмыс уақытылы аяқталып, 18 шақырым су құбыры тартылды. Жоба барысында (мердігер - «ЖайықГазСуҚұрылыс» ЖШС) жергілікті жерден 25 адам жұмыспен қамтылды. Қос ауылдағы 240 үйдің ауласына таза ауыз су жеткізілді.

null  

Биыл Сырымда 1 млрд астам теңгеге аудан орталығы Жымпитыда тұрғын үйлер мен жол салынып, Қоңыр мен Тамдыға қоса Аралтөбе ауылына су құбыры жүргізілді, басқа да жұмыстар атқарылды.

null 

Айта кетейік, облыста барлығы 55 елді мекенді (65 мың адам) орталықтандырылған су көзіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 186 ауыл таза ауыз суға қол жеткізетін болады.  

null 

Соңғы жаңалықтар