БҚО мектептерінде 200-ден астам мұғалім жетіспейді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темріғаолиеваның мәліметінше, өткен оқу жылында мемлекеттік мектептердегі мұғалімдер саны 15 мыңнан астам адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Бүгінде облыс мектептерінде 210 педагог жетіспейді. Қазақ мектебінде орыс тілі мен әдебиеті, математика, бастауыш сынып, ағылшын тілі мұғалімдеріне және орыс тілінде оқытатын тәрбиешілерге, педагог-психологтарға, логопедтерге, дефектологтарға деген сұраныс басым. Жас мамандар конкурс негізінде іріктеледі.

Бұдан бөлек 2022 жылы білім беру ұйымдарының 70 директорына, оның ішінде 28 мектеп директорына ротация жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар