+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

БҚО мектептерінде 130 оқушыдан коронавирус анықталды

2021 жылғы 10 қыркүйек 13:22
Бөлісіңіз:
БҚО мектептерінде 130 оқушыдан коронавирус анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылы басталғаннан бері 130 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 686 адам коронавирусқа шалдыққан СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 24 адамға айыппұл салынды

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде 64-і Орал қаласында, қалған 66-сы облыс аудандарындағы мектептерде білім алады.

Күні бүгін қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысымен 26 мектепте 38 сынып, орта білім беру ұйымдарында 3 және ЖОО-да 1 топ карантинге жабылды.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, қыркүйек айында барлығы 925 адамнан ковид табылды. Соның 484-і, яғни 52 пайызы ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген. 251-і (27 пайыз) профилактикалық мақсатта қаралған. 184-і (20 пайыз) бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 6 адамнан (1 пайыз) эпидемиологиялық қадағалау кезінде сынама алынған.

Ауырғандардың 35 пайызы (327) Орал қаласында, 12 пайызы (114) Бәйтерек, 11 пайызы (110) Бөрлі, 8 пайызы (80) Шыңғырлау, 6 пайызы (57) Теректі және 4 пайызы (41) Казталов ауданында тіркеліп отыр.

Солардың ішінде 137-сі – 14 жасқа дейінгілер, 64-і – 15-17, 57-сі – 18-25, 228-і – 26-40, 217-сі – 41-60 жас аралығындағылар, 222-сі – алпыстан асқандар.

Кәсіби құрамы бойынша 385-і (41,6 пайызы) – жұмыс істейтіндер, 106-сы (11,4 пайызы) – жұмыссыздар, 222-сі (24 пайызы) – зейнеткерлер, 130-ы (14 пайызы) – оқушылар, 22-сі (2,3 пайызы) – медицина қызметкерлері.

Соңғы аптада (3-9 қыркүйек) алдыңғымен (27 тамыз – 2 қыркүйек) салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 10,2 пайызға (725-тен 651-ге) төмендеді.

«Соңғы аптада мониторингтік топтар 87 рейд барысында 702 нысанды қамтыды. 15 нысанда карантин талабын бұзушылық анықталды. Соған сәйкес ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 18 хаттама толтырылып, 1 млн. 370,990 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін нысандарға үйлерінде оқшаулануы тиіс 102 адамның (44-і – қызыл, 58-і – сары мәртебе) келгені анықталды. Аталған бап бойынша жеке тұлғаларға қатысты 4 млн 783,880 мың теңге көлемінде барлығы 110 әкімшілік хаттама толтырылды», деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 209 мыңға жуық адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын, 1,4 мыңға жуық науқастың амбулаторияда емделіп жүргенін жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT