БҚО: медициналық көмек көрсетудегі кемшілік 34 млн теңге залал келтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғындарға медициналық көмек көрсетудегі кемшілік 34 млн теңге залал келтірді. Бұны әлеуметтік медсақтандыру қоры облыстағы медицина мекемелерін тексеріс кезінде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Уральская неделяға» сілтеме жасап.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы филиалының тұрғындарға ақпарат беру және өтінімдерді қарау бөлімінің басшысы Қуаныш Сансызбаевтың айтуынша, 2018 жылдың басынан бері облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету бойынша 50 медицина ұйымымен шарт жасалған.

2018 жылғы 1 тамызға дейін жалпы сомасы 28,5 млрд теңге болатын 81 шарт жасалған, 129,9 млн теңгенің 23 шарты бұзылған.

Тексеріс кезінде БҚО-да 34 718 717 теңгенің медициналық қызметтерін көрсетуде кемшіліктерге жол берілгені анықталды. Бұл 2018 жылдың алғашқы жартысындағы көрсеткіш.

Ал бүкіл Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2,7 млрд теңгеден асып жығылады. 

Соңғы жаңалықтар