+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

БҚО медицина ұйымдарында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған

2020 жылғы 21 қыркүйек 22:23
Бөлісіңіз:
БҚО медицина ұйымдарында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Коронавируспен күресте БҚО медицина ұйымдарында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың екінші толқынына елдегі дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме Заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам бума дәрі-дәрмек тәркіленді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, күні бүгін мекемелерде дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ.

Медициналық ұйымдар маусым-шілдеде 488 млн теңгеге қосымша өтінім жіберген болатын. Қазіргі таңда 338,7 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді.

Апта сайын «СҚ-Фармация» ЖШС-дан дәрі-дәрмек әкелінуде.

Өңір дәріханаларында бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек қоры бір айға жетеді. Ал көтерме сауда қоймасындағы дәрі-дәрмек үш айға жеткілікті.

Бөлшек саудада дәрі-дәрмектің қаншалықты бар екендігіне онлайн түрінде мониторинг жүргізіледі. Күн сайын фармацевтер мобильді қосымша арқылы толтыратын мәліметтер stopcovid.kz сайтында орналастырылады.

Қазіргі таңда төрт айға жететін қорды жасау жоспарлануда. 25 дәрі-дәрмек түрі бойынша өтінімдер жиналды. Дәрі-дәрмек қазан айының ортасына дейін жеткізілетін болады.

«СҚ-Фармация» ЖШС-ға сегіз дәрі-дәрмек түрі бойынша 16,3 млн теңгеге өтінім жіберілді.

Облыста осы кезге дейін коронавирусқа шалдыққан 6840 адам тіркелсе, соның 6607-сі жазылып шықты. 102 адам өмірден озды.

Пневмониямен сырқаттанған 71 адамның 31-і стационарлық, 23-і жұқпалы аурулар, 8-і провизорлық ауруханада емделуде. 40 адам амбулаторлық ем алуда. Пневмониядан 206 науқас қайтты.

Күні бүгін өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ, бір емделуші оттегі концентраторымен демалуда.

Жұқпалы аурулар ауруханасында 30 адам, провизорлық стационарда 8 адам жатыр. 3 адам жансақтау бөлімінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да малда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын зертхана ашылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT