БҚО мәслихатына AMANAT партиясынан - 10, «Ауыл» мен «Ақ жолдан» екі депутаттан сайланды

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО аумақтық сайлау комиссиясы облыстық мәслихаттың тіркелген депутаттар тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша 10 депутат тіркелді.

Олар - Анвар Агаев, Гүлмира Батпақұлова, Нұртай Жұмашев, Софья Ізмұханбетова, Мирболат Құрманғалиев, Оганнес Минасян, Мұратбек Мухамбедиев, Мұрат Мұқаев, Ербол Салықов және Дінмұхамед Сәтбаев.

Сондай-ақ «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Сайран Ескендиров, Қуаныш Бірманов, Қазақстан Халық партиясынан Борис Лаврентьев, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясынан Асқар Мерғалиев пен Ержан Хасанов өтті.

Қалған 15 депутат бір мандаттық округтер бойынша сайланды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО мәслихатына бір мандаттық округтер бойынша сайланған депутаттармен қатар төрт партияның өкілдері өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Орал қалалық мәслихатына кімдердің сайланғаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар