БҚО-лық қария сайлау учаскесіне таңғы алты болмай барған

None
Фото: Айжан Амангелдина
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында тұратын 70 жастағы Нұрлан Жұмағалиев өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елдегі сайлауға үнемі белсенді қатысып, әр дауыс маңызды екендігін түсінетін қария өзі тіркелген учаскеге таңғы сағат 5.55-те келді.

Дауыс бергеннен кейін Нұрлан Жұмағалиев өз пікір-пайымымен бөлісті.

«Еліміздің болашағы үшін, ұрпағымыздың жарқын келешегі үшін өз таңдауымызды жасауымыз керек. Әрқайсысымыздың дауысымыз маңызды. Мен ел бірлігін сақтауға мүдделі, ынтымақты нығайтуға қауқарлы партия мен біздің сенімімізді ақтайды деген үміткерге дауыс бердім», деді Нұрлан Ізгілікұлы.

№291 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Марат Ақбасов алғашқы дауыс берушіге естелік сыйлық табыс етсе, ақсақал ақ батасын берді.

Өңірде басқа да сайлау учаскелерінде дауыс беру осындай ұлттық нақышта өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елдің батысында тұрғындар сайлауда өз таңдауын жасап жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар