БҚО: «ҚПО б.в» компаниясы еңбек ұжымының өкілдері алдағы сайлауға белсене қатысатындықтарын білдірді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 17 наурыз күні «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясында кәсіподақ ұйымының жетекшілері Анатолий Неверов пен Төлеуғали Кеңесов еңбек ұжымымен кездесіп, қазақстандық азаматтарды 26 сәуірде өтетін президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды.

«ҚПО б.в.» компаниясы қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Анатолий Неверовтің атап өткеніндей, қазақстандықтар үшін бейбітшілік пен ұлтаралық келісім - ең басты құндылық, сондықтан оларды сақтай білудің маңызы зор. «ҚПО б.в.» компаниясының да өсіп-өркендеуі еліміздегі бейбіт өмірге, барша азаматтың тату-тәтті тірлік кешуіне байланысты.

Компания локальді кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлеуғали Кеңесов те әр қызметкердің президенттік сайлаудан тыс қалмай, азаматтық ұстанымын танытуы қажеттігін айтты. Осы компанияда еңбек етіп жүрген белгілі спортшы, сладо күресінен бірнеше мәрте әлем чемпионы Жасқайрат Сыйқов та өз әріптестерін құқықтарын дұрыс пайдаланып, дауыс беруде белсенділік танытуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар