БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Жұмагелді Батырниязов БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Жұмагелді Жолдыбайұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы және несие, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Сырым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, БҚО көлік және коммуникациялар басқармасының жетекші, бас маманы, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыртқы экономикалық байланыстар, туризм және лицензиялау бөлімінің бастығы, осы басқармада өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы, БҚО әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2019 жылдан «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның инвестициялық даму және инвестициядан кейінгі сүйемелдеу департаментінің директоры қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Бөкей ордасы ауданының әкімі ауысқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар