+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

БҚО қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылғы 21 қазан 19:54
Бөлісіңіз:
БҚО қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Меритократия қағидасына сәйкес облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Есенғалиев БҚО қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда автокөлік сиырға соғылып, екі адам ауруханаға жеткізілді ШҚО Жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды Оралда каратэ шито-рюден Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Нұрлан Мұхитұлы 1982 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Орал қаласы қаржы бөлімі материалдық өндіріс салалары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маман-экономисі, жекешелендіру және коммуналдық меншікті жалға беру бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық жұмысы бөлімінің бас маманы, БҚО қаржы басқармасы коммуналдық меншікті басқару және мүлікті жалдау бөлімінің бас маманы, Орал қаласы қаржы бөлімі коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі, Бөрлі ауданы қаржы бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты талдау және бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2018 жылдан осы кезге дейін БҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Жаңақала ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT