БҚО экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 5 млн теңге парамен ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері 5 млн теңге парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім еткеніндей, аталған департаменттің аға тергеушісі мен жедел уәкіліне қатысты тергеу басталды.

Олар 1 қазан күні басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі қысқартуға ықпал етемін деп, Т. деген адамның сеніміне кіріп сеніміне кіріп, алдау жолымен 5 млн теңгесін иемденген.


БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар