+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

БҚО-дағы жол сапасы республикалық рейтингіде соңғы орында

2019 жылғы 26 қазан 01:20
Бөлісіңіз:
БҚО-дағы жол сапасы республикалық рейтингіде соңғы орында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жол желісінің сапасы республикалық рейтингіде соңғы орында, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте жол салған мердігерлерге 816 ескерту жасалған Отырар ауданында жол сапасына мониторингтік бақылау жүргізілді Павлодар облысындағы жол учаскесінде олқылықтар анықталды

«Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың 71,3% жөндеуді талап етеді. Бұл – 2018 жылғы жағдай бойынша өңірлер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті маңызға ие автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5 104 шақырым. Оның тек 28,7% эксплуатациялық талаптарға сай», делінген хабарламада.

Ал еліміздегі ең жақсы жолдар Маңғыстау облысына тиесілі. Мұнда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 92% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы жергілікті жол желісінің ұзындығы 1 406 шақырым. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығынан 4 есе кем. Айта кетейік, «Нұрлы жол 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР ИИДМ бір жылда өңірлердегі жолдардың шамамен 5 мың шақырымын жөндейді.

Еске сала кетсек, елімізде жергілікті жол желісінің жалпы ұзындығы 71,2 мың шақырым. Бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 71 % жақсы жағдайда. Алдағы 5 жыл ішінде аталмыш көрсеткіш 95% дейін жеткізілмек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT