БҚО-дағы батальон командирінің өлімін арнайы комиссия тексереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының батальон командирінің өліміне қатысты арнайы комиссия жұмыс істеуде. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында - Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының батальон командирінің өлімі фактісі бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Әкімшілік полиция қызметкерлерінен жасақталған арнайы комиссия жұмыс істеуде. Күдікті кінәсін мойындады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес қылмыс жеке қарым-қатынастағы келіспеушіліктен орын алған. Іс Ішкі істер министрлігінің бақылауында», - деді Алмас Садубаев.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері взвод командирін атып өлтіргендігі туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар