БҚО-дағы ауылда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы орталығы Тасқала ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ауылдағы екі үйдегі 41 пәтерде әлі жылу жоқ.

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғанындай, электр жарығының болмауынан Жеңіс көшесіндегі үш қабатты екі үйде жылыту жүйесі қатып қалған болатын.

Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Тұрғындар үйлерінде. Оларға жергілікті атқарушы орган электр жылыту құралдарын алып, генераторға қосу үшін жеткізіп берді.

Аталған үйлерді жылыту үшін БҚО ТЖ департаменті тарапынан да тиісті жұмыстар жасалуда.

Облыста 26 ақпан күнгі сағат 20.00-дегі мәлімет бойынша екі ауданда үш елді мекен әлі электр жарығынсыз қалып отыр.

Атап айтқанда, Бәйтерек ауданында (Шалғайда – 22, Гремячий ауылында 20 абонент), Қазталовта (Садовыйда 110 абонент) барлығы 152 абонент жарықты пайдалана алмауда.

«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ (20 қызметкер, 4 техника) қалпына келтіру жұмысын жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жеті ауданда 14 елді мекеннің жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар