БҚО-да зорлықпен өлтірілген 22 жастағы жігіттің мүрдесі табылды

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында зорлықпен өлтірілген 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 наурыз күні Бәйтерек ауданы Октябрь ауылында болды.

«Таңғы сағат 08.30-да ауыл маңынан 2001 жылғы жігіттің мүрдесі табылды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері бар. Тиісті сараптама тағайындалды. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 2003 жылғы С. және 2005 жылғы Қ. деген кәмелетке толмаған тұрғын анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар