БҚО-да жүргізуші автокөлігімен 63 жастағы әйелді қағып, мерт қылды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жүргізуші автокөлігімен 63 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға 14 шілде күні сағат 10.00-де Бәйтерек ауданы аумағында болды.

«Орал-Кирсанов жолының 15-шақырымында 54 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен 1959 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан жүргізуші мерт болып, алты адамның ауруханаға түскенін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар