БҚО-да жүргізуші 8 телефонды түрмеге алып өтіп, сатпақ болған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкерлік жүргізушісі 8 телефонды түрмеге алып өтіп, сатпақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға қауіпсіздігі барынша жоғары РУ-170/3 түзету мекемесінде болды.

«Жедел қызметкерлер жүргізушінің тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, ұялы телефондарды мекеме аумағына алып өтуге дайындалып жатқаны жөнінде хабар алған. Н. деген жеке кәсіпкерге тиесілі, Ж. есімді жүргізуші айдаған көлік құралын тексеру барысында 8 ұялы телефон, сонша зарядтік құрылғы және 3 наушник салынған орама табылды», деді департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Нияз Рыспаев.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылып, тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі жасалды.

Қазіргі кезде осы дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481-бабына (қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) сәйкес сотқа жолдау үшін материал жинақталды.


Соңғы жаңалықтар