БҚО-да жүргізуші 50 млн теңгенің қара уылдырығын Ресейге алып өтпек болған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қазақстандық жүргізуші 50 млн теңгенің қара уылдырығын Ресейге алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 6 тамыз күні «Сырым» автокөлік өткізу бекетінде болды.

«Сағат 05.30-да құрамында кіші сержант Жандос Нармат, ефрейтор Әлішер Мақанов бар шекарашылар жасағы қазақстандық азамат М.Хашимов айдап келе жатқан жүзім тиелген «Вольво» көлігін тексерген. Сол кезде жүзімнің астынан скочпен оралған 8 қорап шықты. Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобы, БҚО полиция департаменті табиғат қорғау полициясы және шекарашылар жасағымен бекіре балығының қара уылдырығы салынған 399 банка табылды. Алдын ала есеп бойынша оның жалпы салмағы – 100-120 кг, құны – 50 млн теңге. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар