БҚО-да жүк көлігін жөндеу кезінде жүргізуші көз жұмды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жүк көлігін жөндеу кезінде жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, оқиға 4 сәуір күні шамамен сағат 16.40-та Ақсай қаласы Балдырған көшесінде болды.

Оның сөзіне қарағанда, 1976 жылғы жүргізуші үйінің ауласында өзінің «Газ САЗ 35071» (самосвал) көлігін жөндеген. Тормоз сұйығын ағызу кезінде ол көліктің астында жатып, кәмелетке толмаған 2009 жылғы ұлына кабинаға отырып, машинаны оталдырып, тормоз тепкішін басып, өзіне көмектесуін өтінген.

«Бұл кезде беріліс қорабы қосулы болған автокөлік өздігінен алға жүріп, ер адамды басып кеткен. Салдарынан ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді», деді Д.Мәжитова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 5-қабаттан секірмек болған әйелдің құтқарылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар