БҚО-да жүк көлігі өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, кеше сағат 09.09-да Самара-Шымкент жолы бойында Зеленов ауданы Погодаев ауылы тұсында «Volvo» жүк көлігінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Оқиға орнына №2 өрт сөндіру бөлімінен бес адам, 1 техника барған. Өрт сағат 10.27-де оқшауландырылып, 14.32-де толықтай сөндірілген.
Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік отқа оранғанын жазған болатынбыз. Ал өткен жылы өңірде 117 автокөлік өртенген еді.

Соңғы жаңалықтар