БҚО-да жүк көлігі аударылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теректі ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнгі сағат 02.00-03.00 шамасында Ақсуат ауылдық округіне қарасты Пойма стансасы маңында орын алды.

«Интеграл Транс Логистика» компаниясы жүк көлігінің рулінде Беларусь азаматы Л.Ничай болған. Бастапқы мәліметке қарағанда, жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып, қалғып кеткен секілді. Өзі аман.
null 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.

Аудан әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас инспекторы Бақытжан Есқожин қазіргі кезде ақпараттың анықталып, жинақталып жатқанын жеткізді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова оқиға орнына жедел жәрдемнің шақырылмағанын айтты.

Соңғы жаңалықтар