БҚО-да жүк көлігі 10 тонна жүгімен өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданында орын алды.

Сағат 19.51-де Самара-Орал күре жолы бойында Махамбет ауылы тұсында Lveco жүк көлігі 10 тонна жүгімен отқа оранды.

Автокөлік Қырғызстан Республикасында есепте тіркелген.

Өрт 20.37-де оқшауланып, 21.21-де сөндірілді.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 5 адам, 2 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, екі адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар