БҚО-да жолдан жүгіріп өтпек болған 62 жастағы ер адамды автокөлік қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО-да жолдан жүгіріп өтпек болған 62 жастағы ер адамды автокөлік қағып кетті , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінен мәлім еткеніндей, оқиға 12 тамыз күні шамамен сағат 22.30-да Орал-Атырау жолында қалаға қарасты Серебряков кенті тұсында болды.

«1990 жылғы жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Белгіленбеген жерден жүгіріп өтпек болған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, БҚО-да әйел адам жүргізген автокөлік аударылып, жолаушысы екеуі көз жұмғанын, Оралда тұрғын үйдің ауласынан есірткі зертханасы табылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар