БҚО-да жолда қалған түркиялық жүргізушіге көмек көрсетілді

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында түркиялық жүргізуші жүк көлігімен жолда қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қаңтар күні кешкісін Орал-Атырау жолының 35-шақырымында болды.

«Тәртіп сақшылары апаттық белгілері қосылып, жол жиегінде тұрған»Ford«жүк көлігін байқап, сол бойда тоқтады. Жүк тиелген көліктің Түркиядан Атырауға бара жатқаны анықталды. Рульде 50 жастағы түркиялық азамат болған. Көліктің қозғалтқышы істен шығып, салқын салонда жүргізуші тоңа бастаған. Полицейлер оқиға туралы облыстық полиция департаментіне хабарлап, жүргізушіні жылыту, ыстық тамақпен, түнде қонатын жерімен қамту, жүкті қорғау бойынша шаралар қабылдады. Жүргізушінің тілді білмеуі қиындық туғызды. БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин түрік тілін еркін меңгергендіктен, дереу компанияның түрік басшылығымен хабарласып, көліктің қайда екенін айтып, жүктің сақталуы мен жүргізушінің өміріне алаңдауға негіз жоқтығын жеткізді. Түркиялық жүргізуші жедел көмек көрсеткен батысқазақстандық полицейлерге алғысын білдірді», деп хабарлады ведомстводан.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар