БҚО-да жол жиегіне түсіп кеткен жүк көлігі шығарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол жиегіне түсіп кеткен жүк көлігі шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 қаңтар күні Самара-Шымкент жолында Сырым ауданы аумағында болды.

Сағат 11.00-де Оралдан Ақтөбеге қарай 200 шақырым қашықтықта көктайғақ салдарынан түрік азаматы айдап бара жатқан Mercedes көлігі 20 тонна жүгімен жол жиегіне түсіп кеткен.

ТЖ департаментінің күшімен жүк көлігі сағат 16.15-те тазартылған жол учаскесіне шығарылды.

Түрік азаматы өзіне көмек көрсеткен қазақстандықтарға алғысын білдірді.

БҚО ТЖ департаменті құтқарушылар кеңесіне құлақ асып, абай болу керектігін, әсіресе, ауа райы нашарлаған уақытта жолға шықпау қажеттігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар