БҚО-да жол инспекторлары жүйелі түрде пара алу күдігіне ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне қарасты патрульдік полиция батальонының бірнеше инспекторы жүйелі түрде пара алу күдігіне ілініп отыр. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жергілікті полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының бірнеше инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оларға топ болып, жүйелі түрде «Орал-Атырау» және «Орал-Ақсай» бағытындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 2-10 мың теңге аралығында пара алып келді деген айып тағылуда», - деді Данияр Бигайдаров

Сонымен қатар жүргізушілерден пара алды деген күдікпен патрульдік полиция батальонының взвод командирі де ұсталды. Ол қазіргі уақытта қамауға алынған.


Соңғы жаңалықтар