БҚО-да жол бойында Lexus автокөлігі жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол бойында жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 19.13-те Теректі ауданы аумағында болған.

Орал-Ақсай жолының 58-шақырымында Lexus автокөлігі өртенді.

Өрт сағат 19.50-де сөндірілді. Оған №12 Өрт сөндіру бөлімінен 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Абырой болғанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде 41 жеңіл көлік өртенді.

Еске сала кетейік, БҚО-да үш автокөлік соқтығысып, 5 адам жарақат алған болатын.



Соңғы жаңалықтар