Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

БҚО-да жол апатында бір адам қаза тапты

2019 жылғы 14 қаңтар 14:12 919
Бөлісіңіз:
БҚО-да жол апатында бір адам қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты Италияда автобус апатынан зардап шеккен 2 қазақстандық ауруханада жатыр

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға «Самара-Шымкент» жолының 269-шақырымында 12 қаңтар күні орын алды.

«ВАЗ-2110» автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, «Рено Логан» автокөлігіне соғылған. Салдарынан жүргізушінің бір оқиға орнында көз жұмды.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, оқиға Теректі ауданы Подстепный ауылынан Барбастауға қарай барар жолда болды. Жедел жәрдем сағат 10.21-де шақырылып, екі бригада бес минуттан кейін жеткен.

1994 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмса, 1995 жылғы қыз бен 1971 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 1963 жылғы ер адам мен 1971 жылғы әйел өздігімен медициналық қызметке жүгінген. Қазір қыз бала жансақтау бөлімінде, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 12 қаңтар күні боранға байланысты облыста жолдардың жабылғанын, ал Атырау-Орал жолында жол апатынан 32 жасар жүргізушінің қайтыс болып, 5 адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT