БҚО-да жол апатынан ер адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Орал-Атырау жолы бойында автокөлік аударылып, ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға қаладан шығаберістегі Свистун гора маңында орын алды.

Жедел жәрдемге шақырту сағат 05.46-да түскен. Жедел жәрдем бригадасы үш минуттан кейін көлік аударылған жерге жетті. 1967 жылғы ер адам оқиға орнында мерт болды. Алдын ала мәлімет бойынша басынан жарақат алып, миы шайқалған 1967 жылғы әйел адам орташа жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, автокөлікте ерлі-зайыпты адамдар болған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар