БҚО-да жол апатынан бір адам мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін Самара-Шымкент күре жолының 308-шақырымында болды.

«Оқиға орнына Теректі аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі барды. 1978 жылғы ер адам сол жерде жан тапсырған. 1965 жылғы ер адамға медициналық көмек көрсетілді», - деді А.Сақпосынова.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан екі адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар