+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді

2019 жылғы 5 желтоқсан 15:04
Бөлісіңіз:
БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда көмір тиелген тіркеме аударылды ШҚО-да көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза болды Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 4 желтоқсан күні кешкісін Орал-Атырау жолының 89-шақырымында болған.

Ақжайық ауылы Самал ауылы тұсында 1985 жылғы жүргізуші «КамАЗ» автокөлігімен қарсы бетке шығып кетіп, 1989 жылғы азамат айдап келе жатқан «Лада Приора» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған 1981 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. 1987 жылғы тағы бір жолаушы Чапаев ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Жәдігер Құсайынов Чапаев трассалық медициналық-құтқару бекетінің 4 қызметкері оқиға орнына шұғыл жетіп, төрт адамды құтқарғанын мәлімдеді. 1987 және 1989 жыы туған ер, сондай-ақ 1987, 1995 жылғы әйел адамдар ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жабық бас-ми жарақатын алып, жеңіл дәрежеде миы соғылған 32 жастағы әйел ауруханаға жатқызылып, қалған үшеуі амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Айта кетейік, өңірде көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT