USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адам жанып кетті

2021 жылғы 24 қазан 23:28
Бөлісіңіз:
БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адам жанып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан автокөлік ішінде екі адам жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды Қостанай облысында блокпосттардың бірінде жол-көлік оқиғасы болды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 24 қазан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

Орал-Атырау жолының 209-шақырымында «Лада Веста» және «Лада Приора» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Соның салдарынан автокөліктер өртенген. «Лада Приора» автокөлігінің ішінде болған екі адам жанып кетті.

«Лада Вестада» түрлі жарақат алған 31 жастағы ер адам мен оның 30 жастағы әйелі Ақжайық аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен трассалық медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері де барды. Полиция қызметкерлері де жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жүк көлігі қағып кеткен жүргізушінің көз жұмғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT