БҚО-да жол апатынан әкесі мен баласы қаза болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан әкесі мен баласы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 қараша күні сағат 17.00 шамасында Тасқала ауданы аумағында болды.

Оян ауылынан 11 шақырым жерде 61 жастағы жүргізуші «Нива Шевроле» автокөлігінің руліне ие бола алмай қалып, аударылған.

Соның салдарынан жүргізуші мен оның 38 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмды.

Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптамаға жолданды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар