+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді

2021 жылғы 26 ақпан 10:04
Бөлісіңіз:
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде таксист оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кетті Жыл басынан бері СҚО жолдарында 50 адам зардап шекті «Көкшетау-Атбасар» тас жолында жол апатынан 3 адам көз жұмды

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

Сағат 03.29-да Атырау-Орал жолының 259-шақырымында Атамекен ауылынан 10 км жерде екі «Тойота Камри» автокөлігі соқтығысты.

Соның салдарынан екі көліктегі 4 жолаушы көз жұмып, алты адам Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, ауа райының нашарлауына байланысты аталмыш бағыттағы күре жолды 26 ақпан күнгі сағат 00.00-ден бастап жабу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан екі көліктің бетпе-бет түйісуіне жол берген. Оның полиция қызметкерлерінің талабына бағынбағаны жөнінде бейнежазба бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан алты адамның қаза тапқанын, тірі қалған науқасқа 10 сағат ота жасалғанын, тұрғын үйден екі зейнеткердің мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда қатты желге байланысты бірнеше жол жабылды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT