БҚО-да жол апатынан 3 адам мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 қараша күні сағат 20.30-да Орал-Атырау жолының 264-шақырымында болды.

«Фольксваген Шаран» автокөлігі «Мерседес Фура» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Соның салдарынан «Фольксваген Шаран» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы (бәрі де – ер адамдар) оқиға орнында көз жұмды.

Соның бірі 30 жасар полиция қызметкері, полиция майоры Айболат Нұрлыбеков еді.

Ол полиция органдарында 2006 жылдан бері қызмет атқарды. Биылғы 29 тамызда Тайпақ полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. Марқұмның соңында жары, 9 және 3 жасар екі ұлы қалды.

«Айболат Нұрлыбеков өте жақсы қызметкер еді. Департамент басшылығы мен жеке құрам марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан әкесі мен баласы қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар