БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмып, жетеуі ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 7 адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 17 тамыз күні Казталов ауданы аумағында болды.

«Шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғын айдап келе жатқан «Лада Вестаға» жол бермей, түйіскен. Салдарынан «Лада Веста» автокөлігінде отырған 1950 жылғы әйел қаза тапты.

Ауруханада «Лада Приора» автокөлігінде болған жолаушы, 1974 жылғы ер адам да қаза тапты. Қалған 7 адам ауруханада. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жолдан жүгіріп өтпек болған 62 жастағы ер адамды автокөлік қағып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар