+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

БҚО-да жоғалып кеткен бала пішеннің арасында ұйықтап қалған

2021 жылғы 14 қазан 11:36
Бөлісіңіз:
БҚО-да жоғалып кеткен бала пішеннің арасында ұйықтап қалған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен бала пішеннің арасында ұйықтап жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектепте баллоннан шашылған уыттан бірнеше оқушы зардап шекті – Алматы Қарағанды әкімдігіндегі жұмысшының өлімі: Сот үкімі жарияланды БҚО-да әкелі-балалы екеу балық аулап жүріп суға батып кетті

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің мәлім еткеніндей, оқиға 13 қазан күні кешкісін Бәйтерек ауданы Зеленый ауылында болды.

Оның сөзіне қарағанда, шамамен сағат 20.15-те 2012 жылғы Денистің жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен.

Баланы іздеуге полиция департаменті бастығының бұйрығымен бүкіл жеке құрам жұмылдырылды.

«Департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншиннің басшылығымен тәртіп сақшылары ауылдың түкпір-түкпірін қарап, түні бойы іздестірді. Таңмен сағат 07.00-де басқа үйдің ауласындағы пішеннің арасында ұйықтап жатқан жерінен баланы криминалист Роман Ксенофонтов, жедел уәкіл Серік Қарлыбаев, жүргізуші полицей Ринат Төлеуғалиев тапты. Қазір бала үйінде», деді Б.Нұрғожин.

Бала ойнап жүріп, пішеннің арасында ұйықтап қалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT