БҚО-да жоғалып кеткен әйел адамның мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 09.30 шамасында Қаратөбе ауданы орталығы Қаратөбе ауылынан 7-8 шақырым жерден бұдан екі күн бұрын жоғалып кеткен әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушыл Нұрбол Нысановтың айтуынша, Қаратөбе ауданында екі адамның жоғалып кетуіне байланысты  бүгін таңмен Оралдан құтқарушылар келіп, іске кіріскен болатын. Кинологтарды қосқанда, құрамында 5 адам бар топ қаршанасымен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жоғалған ер адам әлі іздестірілуде.

Еске сала кетейік, аталған қос тұрғын Қаратөбеге барамыз деп, аудан орталығынан 14 шақырым жердегі Үркіш қыстағынан 14 ақпан күні таңертең шығып кеткен. Олардың жоғалғаны жөнінде хабар кеше таңертең түскен. 

Соңғы жаңалықтар