БҚО-да жер қатынастары басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Мұрат Өмірәлиев БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Мұрат Амангелдіұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. А.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетін «жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі», «жоғары кәсіби білімді заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары Шыңғырлау ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің меңгерушісі, қала әкімі аппарат басшысының орынбасары, БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары болды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО жер қатынастары басқармасын басқарған Әлия Мұханбетжанова Шыңғырлау ауданының әкімі болып тағайындалған еді.





Соңғы жаңалықтар