БҚО-да жеңіл автокөлік пен мотоцикл түйісіп, алты адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік пен мотоцикл түйісіп, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға қалаға іргелес орналасқан Теректі ауданы Подстепный ауылында ПМК аялдамасы тұсында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі - балалар.

Жедел жәрдем сағат 10.07-де шақырылып, 10.12-де жеткен.

Алдын ала мәліметке қарағанда, 8 жасар қыз, 10 жасар ұл бала, 34 және 33 жасар әйел жабық бас-ми жарақатын алған. Оған қоса 34 жасар әйелдің шеке тұсы іскен. Сондай-ақ 5 жасар ұл бала мен 50 жасар ер адам ашық бас-ми жарақатын алған.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар